Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті
23 Қазан 2021

Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті
23 Қазан 2021

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті

Жәнібектегі жәрмеңке
23 Қазан 2021

Жәнібектегі жәрмеңке

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті
23 Қазан 2021

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті
22 Қазан 2021

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды
22 Қазан 2021

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды

Бәйтеректік «НұрАй» би ансамблі жүлделі орын алды

Бөкей ордасы ауданында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл, Бөкей хандығына 220 жыл, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына және аталмыш аудандағы би өнерінің негізін қалаушы ұстаз, дарынды хореографтың Нарын топырағына өзіндік ізін, дара қолтаңбасын қалдырып кеткен би өнерінің хас шебері, Алматы, Мәскеу қалалары мен Германияда өнер көрсеткен өнер майталманы, І және ІІ дәрежелі "Ана" медалінің, ІІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері, ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасының иегері Надежда Гусманова атындағы облыстық онлайн би байқауы ұйымдастырылды.

 бөкей орда

Екінші мәрте өткізілген «Билеген биім – еліме сыйым» өнер додасына бәйтеректік үлгілі "НұрАй" және «Дарьюшка» би ансамбльдері де қатысты. Өңірдің әр ауданынан келген 15 би ұжымының арасында өткен сайысқа  «Өнер саласының үздігі», қалалық Жастар мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, «Салтанат» би ансамблінің жетекшісі Бұлбұл Сапарғалиева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның халықтық «Назерке» би ансамблінің артисі, қалалық Жастар мәдениет үйінің «Салтанат» би ансамблінің жетекшісі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты  Мирамгүл Таңатова және Надежда Фатихқызының кенже қызы Азат Гусманова қазылық етті.

Лайв режимінде өткен өнер сайысының қорытындысында «Дарьюшка» би ансамблі арнайы дипломға ие болса, Гүлмира Алканова жетекшілік ететін үлгілі «НұрАй» би ансамблінің үлкен тобы екінші орынға ие болды.

- Сайыс онлайн өтті демесеңіз, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз бұл байқауға "Ғасырлар тоғысы» және «Express» атты екі шығарма ұсындық. Нәтижесі жақсы. Би өнерін жанына серік еткен өнер адамдарының шеберлігін шыңдай түсу үшін мұндай конкурстар жиі өтіп тұруы керек. Бұл жеңіс үлкен еңбектің арқасында келді, - дейді «НұрАй» би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Алканова.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале