14.06.2021, 10:23
Оқылды: 103

Бәйтеректік өрен жеңімпаз атанды

Жуырда Ақжайық ауданының орталығында Ақжайық ауданының құрметті азаматы Абай Иманғалиевті еске алуға арналған бокстан өткен облыстық турнирде бәйтеректік өрен Өтеген Өтемiс жеңімпаз атанды.

 11

Турнир қорытындысына жас спортшы Өтеген бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбиттің қолынан марапат алды.

3-сыныптан бастап бокс үйірмесіне қатысып келе жатқан Өтеген Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылындағы мектеп оқушысы. Жаттықтырушысы – Азамат Сұлтанов.

Өтеген Өтеміс осыдан бір апта бұрын Бөрлi ауданының орталығы Ақсай қаласында өткен бокстан жасөспiрiмдер арасындағы ашық бiрiншiлiкте жүлдегер атанған болатын. Ал Ақжайық ауданында бағындырған белесті Өтегеннің кезекті жеңісі деуге болады.

Айта кету керек, Өтегеннің атасы Өтеміс Тәжіғалиев кезінде аудан, облыс чемпионы атанған спортшы.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале