2.12.2020, 17:20
Оқылды: 38

Бәйтеректік өрендер өлкетану сайысынан жүлделі оралды

Орал қаласында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен VI облыстық «Туған жер – алтын бесік» өлкетану олимпиадасы өтті.

 гр

Биыл аталмыш олимпиада онлайн режимде және  екі аталым бойынша ғана өтті. Алғашқы «Ескерткіштер – ел тарихы» атты жоба қорғау бөлімінде Бәйтерек ауданының намысын Дариян мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Саяжан Шаймарданова қорғады. Ол туған ауылындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қойылған ескерткіштің тарихын зерттеп, презентация қорғап, үздік нәтиже көрсетті.

Ал екінші интелектуалды «Бәйге» бөліміне Бәйтерек ауданы атынан Қасым Аманжолов мектебінің  9-сынып оқушылары Ділназ Ерғали мен Аружан Карл қатысты. Өлкетану бағыты бойынша тест тапсырмаларына жауап берген қос қарлығаш ІІ орынға табан тіреді.

Осылайша 12 команда бақ сынасқан байқаудың жалпыкомандалық есебінде Бәйтерек ауданының оқушылары I орынға ие болды.

 

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале