12.10.2020, 18:23
Оқылды: 44

Бәйтеректік өрендер республикалық байқау жеңімпазы атанды

Жуырда облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты экологиялық байқау өткізілді. Жарыстың республикалық кезеңіне жолдама беретін сайыс болғандықтан іріктеу сынында өңіріміздің барлық аудандары мен Орал қаласынан келген командалар бақ сынасты.

Туризм1

Аталмыш экологиялық жарыста Бәйтерек ауданының командасы жақсы нәтиже көрсетті. Команда мүшелері сегіз аталым бойынша қатысып, барлығынан жүлдеге ілікті. Ал Қасым Аманжолов атындағы орта мектептің оқушылары Бақтияр Ибрагим мен Ділназ Ерғали «Экологиялық соқпақ» аталымы бойынша І орынды иеленіп, өңір құрама командасына сапында республикалық кезеңе қатысуға мүмкіндік алды.

- «Экологиялық соқпақ» аталатын байқаудың мақсаты аудан аймағында орналасқан белгілі экологиялық объектілерді қамтитын маршрут құрап, құралған маршрутпен жүріп өту. Сондай-ақ аталған жерлерде экологиялық зерттеу жүргізу.

Оқушыларымыз Дариян ауылдық округінде орналасқан Үлкен көл аумағынан бастап, ауылдың солтүтігінде орналасқан қылқан жапырақты орман елегіне дейінгі аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, барлығын картаға түсірді. Карантин шектеулеріне байланысты байқау онлайн режимде өтті. Қатысушылар жүріп өткен маршруттарын видеороликке түсіріп, республикаға жолдаған болатын.

Туризм

Жуырда еліміздің барлық облыстарынан келген үміткерлер бақ сынасқан байқаудың қорытындысы шықты. Өңір құрамасының мүшелері жүлделі орындардан көрінді. Ал ауданымыздың намысын қорғаған Ділназ Ерғали мен Бақтияр Ибрагим І орынға ие болды.

Оқушыларымның осындай жетістікке жеткені қуантады. Шәкірттерім бұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда болатын басқа да сайыстарға дайындық жүргізіп жатырмыз, - дейді команда жетекшісі А.Бекешев.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале