4.06.2021, 15:21
Оқылды: 90

Бәйтеректік спорт ардагерлерін газетке жаздырды

Ардагерлерге тегін газет жаздыру үрдісіне бәйтеректік спортшылар да қосылды. Егіндібұлақ және Зеленый ауылдарының жастарынан құрылған «Жасыл егін» футбол командасының мүшелері қаражат жинап, бес спорт ардагерін аудандық «Ауыл тынысы» газетіне жаздырды.

 аррр

Команда жетекшісі Замир Сакпусунов команда мүшелері алдыңғы буын спортшыларына деген құрметін осылай көрсеткісі келгенін айтады.

- Командамыздың құрылғанына көп уақыт өте қоймады. Алайда бірнеше жарысқа шығып, өз шеберліктерімізді шыңдап жүрміз. Жетістіктеріміз аудандық газет бетінде жиі жарық көреді. Аға буын соңынан ерген ойыншылардың қол жеткізген жеңістері мен аудандағы басқа да жаңалықтардан хабардар болып отырсын деген ниетпен спорт ардагерлерін газетке жаздырдық, - дейді З.Сакпусунов.

Ауылдық окуг әкімі Ринат Ескендіров те жас спортшылардың игі ісі көпке үлгі екенін айтады.

- Жазылу науқаны басталған шақта команда мүшелері келіп, осындай ерекше көмек көрсеткісі келетін айтты. Жастарымыздың қайырымдылыққа құмар болғаны қуантады. Бұдан бөлек кәсіпкерлеріміз де зейнеткерлер мен тыл еңбнеккерлерін газетке жаздыруда. Бұндай игі істер ауданның басқа да округтерінде жалғасса екен, - дейді округ әкімі Ринат Ескендіров.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале