27.11.2021, 16:56
Оқылды: 68

Бәйтеректік спортшылар үздіктер қатарынан көрінді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай облыс орталығында спорттық бағдарлау және плоггингтен ашық турнир оздырылды.

9B5ABBFF-4A62-44A2-B970-7AB3D77E6186

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дерекциясының ұйымдастыруымен өткен бәсекеде мектеп оқушыларымен қатар қала тұрғындары да төбе көрсетті.

Шараның басты мақсаты - өңір тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бұқаралық спортты дамыта отырып, экологиялық таза өлке қалыптастыру.

EDD0DD6F-A46B-4293-B526-CE9894794214

Аталмыш жарыстан бәйтеректіктер де құр алақан қайтпады. С.Бекешев пен С.Щербань жетекшілігімен барған янайкиндіктер спорттық бағдарлауда барын салып, плоггингтен жеңімпаз атанды.

Атап айтар болсақ, спринт қашықтығынан сынға түскен Снежанна Буштер қарсыластарын шаң қаптырып, топ жарса, Илья Козловский мен Сергей Щербань екінші орынды, Нұржігіт Гиссатдин, Яна Красникова және Сырым Бекешев үштікті қорытындылады.

13D85719-4957-466A-9030-94CC2A9ED363

Сонымен қатар, плоггинг байқауында барын салған бағдарлаушылар басқаларынан оқ бойы оза шауып, доданың бірінші орынына ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына диплом, медальдар мен естелік статуэткалар табыс етілді.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале