9.06.2021, 17:04
Оқылды: 57

Бәйтеректік төтеншеліктер суға шомылуда қауіпсіздікті сақтауға шақырады

Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік ереже бойынша рейд өткізуде. Рейд барысында жадынамалар таратылып, суда жүзу кезінде қойылатын талаптар түсіндірілуде.

IMG-20210609-WA0048

Төтеншеліктер тұрғындарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Негізінен алғанда алғашқы жүзуді 18°-20° су температурасында тыныш күн шуақты ауа райында бастаған дұрыс. Күніне екі рет таңертең және кешке, белгілі қауіпсіз немесе арнайы бөлінген жерлерде шомылу керек. Соның ішінде суға шомылу үшін таңдалған жердегі су мөлдір, түбі таза, су асты тастарынсыз, қадаларсыз, шұңқырларсыз болғанын ескерген жөн. Әсіресе арнайы бөлінген және жабдықталған орындарды таңдау тиімді.

IMG-20210609-WA0051

Ескеретін жайттардың бірі – жалғыз шомылудан аулақ болу керек, өйткені қиын жағдайда көмек көрсететін адам болмай қалуы әбден мүмкін.

Су шомылу барысында ешқашан ешкімді суға итермеген абзал. Өйткені күтпеген жерден сәтсіз әзіл адамдардың өліміне әкелуі мүмкін.

Ал масаң күйде суға шомылу және жүзу өте қауіпті. Сонымен қатар тақтайлармен, бөренелермен, үрленген резеңке, автомобиль камераларымен суға шомылу да, жүзу де қауіпті.

 

Бәйтерек аудандық ТЖ бөлімі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале