30.03.2021, 16:16
Оқылды: 45

Бәйтеректік туристер жеңіспен оралды

Жуырда «Алматы облысының экскурсия, көптүрлі туризм және спорттық туризмі» федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен В.М.Чепельді еске алуға арналған республикалық спорттық туризм жарысы өтті.

 Алматы жарыс

Оқушылар арасында спорттық туризм бағытын дәріптеу, шаңғы техникасын шыңдауға септігін тигізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарысқа Бәйтерек ауданының құрама командасы да қатысты. Аудандық туризм орталығының тәлімгерлері Қанағат Белгиев пен Жалғас Гумаров жетекшілік еткен «Батыс-West» командасы жақсы өнер көрсетіп, жүлделі II орынмен оралды.

- Алматы қаласында өткен республикалық жарыста Белес орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ерасыл Жолдығали, Ульян мектебінің оқушылары Жалғас Аяп пен Эльдар Гумаров өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Спортшылар командалық жарыстармен қоса,  жеке дистанция мен кедергілер жолағынан да үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы ретте жарысқа қатысып, додаға түскен спортшыларға, мектеп ұжымы мен ата-аналарға алғыс білдіргіміз келеді. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысамыз, - дейді құрама жетекшісі Қанағат Белгиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале