28.06.2021, 9:14
Оқылды: 72

Бәйтеректік Жарас – ел кубогінің күміс жүлдегері

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан В.Н.Зыковты еске алуға арналған Қазақстан Республикасы кубогі сарапқа салынуда. Кенияда өтетін әлем біріншілігіне жолдама беретін болғандықтан, аталмыш сайысқа еліміздің ең мықты спортшылары жиналды.

IMG-20210626-WA0072

Байрақты бәсекеде облыс намысын Жарас Айтуаров пен оның шәкірті Наталья Панова қорғауда. Күні кеше жарыс жолына шыққан желаяқ Жарас Айтуаров 10 шақырымдық жарыста күміс медальді еншіледі.

- Күміс медаль мен үшін үлкен жетістік. Десе де, әлем біріншілігіне жолдама ала алмай қалғаным өкінішті. Жарысқа келуіме көмек көрсеткен аудан әкімшілігі мен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласовқа ризамын, - дейді Жарас Айтуаров.

Алдағы күндері жарыс жолына Наталья Панова шығады. Жас болса да біраз бәсекенің көркін қыздырған январцевтық спортшы қызға сәттілік тілейміз.

 

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале