8.05.2022, 16:05
Оқылды: 116

Бәйтеректік «Жас журналист» жобасының мүшелері аудан әкімімен сұхбаттасты

Бәйтерек ауданында Қ.Қайсенов атындағы мектептің жанынан құрылған «Жас журналист» жобасының мүшелері аудан әкімі Марат Тоқжановпен кездесіп, сұхбаттасты. Шәкірттерге сұхбат берген аудан басшысы да өз өміріндегі ерекше кездесу жөнінде айтып берді.

1205DF39-0B27-4A20-97C2-C61BE444D919

Марат Лұқпанұлының сөзіне қарағанда, ерекше кездесудің бірі ҚР Халық қаһарманы, жазушыА.Фадеев атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Қасым Қайсеновпен болғанОсыдан жиырма жыл бұрын Алматы қаласында өткен кездесу әкімнің әлі күнге дейін көз алдында.

Халқымыздың даңқты батырының майдан даласындағы жорығы, жасаған ерлігі туралы айтылған әңгімеден оқушылар сұрапыл жылдар жаңғырығын сезінгендей болды.

0985F372-CD6B-45C5-A0BF-C241E31B9794

Еркін сұхбат форматында болған кездесу барысында оқушылар аудан басшысына түрлі сұрақтар қойып, кездесудің шырайын аша түсті.

Марат Лұқпанұлының адамдық парыз, ар-намыс туралы ой-пікірлері жастардың ой-өрісін қанаттандырдыАталмыш мектептің директоры Гүлмира Меңдібайқызының айтуынша, оқушылар бұл кездесуден үлкен әсермен оралған.

– Қызмет кестесінің тығыздылығына қарамастан оқушылармен сұхбаттасуға үш сағат уақытын бөлген аудан әкіміне мектеп ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз, - дейді Гүлмира Меңдібайқызы.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале