25.04.2022, 17:10
Оқылды: 73

Бәйтеректіктер көктемгі егіске толықтай дайын

Бұл туралы облыс әкімінің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан әкімі Марат Тоқжанов мәлімдеді.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 15.45.39

Аудан басшысының сөзіне қарағанда, жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарына толықтай дайын. Өткен қыстың нәтижесі бойынша ылғал түсімі де жеткілікті мөлшерде. Көктемгі егіс жұмыстарына биыл дәнді және майлы дақыл егетін 196, көкөніс  пен  картоп  егетін 65 шаруашылық қатысады деп  күтілуде.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 15.45.40

Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егістік алқабы 236 мыңнан аса гектарды құрайды. Көктемгі  егіске 9503 тонна дәнді дақылдар тұқымы дайындалды. Бұл қажет мөлшердің 100 %-ын құрайды. Майлы дақылдарды себуге 790 тонна тұқым дайындалды. Мал азығы дақылдарына 180 тонна тұқым қажет болса, ол жеткілікті мөлшерде бар. Картоп тұқымының қажеттілік көлемі (4800 тонна) толықтай қамтылған. Осылайша алдағы егіске аудан қажетті тұқым түрлері бойынша 100 пайыз дайын. Техникалар да далалық жұмыстарға толық әзір. Көктемгі жұмыстарға арзандатылған 5100 тонна жанар-жағармай бөлінді.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале