30.12.2022, 22:00
Оқылды: 12

Бақылау жұмысы басталды

Елімізде 1-31 желтоқсан күндері заңсыз аңшылықты анықтау, алдын алу мақсатында республикалық «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

IMG-20221231-WA0066

Маңызды іюшараға «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары да қатысуда.

IMG-20221231-WA0068

Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Бөкей Орда, Жаңақала аудандары территориясына кіретін
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында «Охотзоопром» өңірлік басқармасының жануарлар дүниесін қорғау инспекторларымен бірлесіп, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары рейд жұмыстарын атқаруда.
Резерват аумағындағы топтардың жұмысын тексеру және қадағалау мақсатында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бақылау тексеру басқармасының басшысы Батырхан Байғонақов, аңтанушы мемлекеттік инспекторы Болат Айдынғалиев, мемлекеттік инспектор Алик Нұржанов құрамына енген арнайы топ кезекті бақылау жұмысын бастады. Бақылау жұмыстары қазіргі кезде, яғни киіктердің күйлеу кезеңінде күшейтіледі. Осы сәтте сезімтал жануарларға тыныштық қажет. Арнайы бақылаушылар тобы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік қаумалына енген Казталов ауданының Қошанкөл, Қараоба, Тереңкөл, Бірік ауылдық округі аумағын аралап шықты.
Бақылау рейді барысында бақылаушы топ өкілдері аталмыш округтердің әкімдері, учаскелік полиция инпекторлары және «Охотзоопром» мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау инспекторларымен кездесіп, ортақ жұмыстар туралы сөйлесті.

Айта кетуіміз керек, қазіргі күнде ақбөкендер күйектен өтуде. Бұл кезде әлсіз жануарлар құлайды. Өліп жатқандары да баршылық. Бұл табиғи құбылыс. Осы кезде киік өлексері жиналып, өртеледі. Бұл жұмысты жергілікті жердің атқарушы органдары, ветеринар мамандары, полиция инспекторларымен бірге жұмыстанып жатқанын жеткізді мамандар.
Мұнымен қоса арнайы топ​ «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторларының жұмысына бақылау жүргізіп, оларға тапсырмалар берді.

Марат Қасымов,

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы:

— Қазіргі күде мемлекеттік табиғи резерват пен қаумал аумағында төрт топ төрт бағытта рейд жұмыстарын жүргізіп, кезекшілік жасауда. Мақсатымыз — арнайы жедел-профилактикалық іс шара кезінде заңсыз аң аулауды болдырмау, оның алдын алу мен халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар күйек кезінде шығынға ұшараған киіктердің өлекселерін жинап, арнайы орындарда өртеп жатырмыз. Бұл жұмыстар «Охотзоопром» мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары бірлесе атқарылуда. Киік өлекселерін жою кезінде жергілікті атқарушы билік өкілдері, ветеринарлар және полиция инспекторлары қатысып, актт жасалып, қажетті құжаттар толтырамыз. Осы жұмыстарға қолдау білдіріп жатқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.
Расында, киік — табиғаттың бағалы тартуы. Далалық экожүйенің жүрегі болған ақбөкендерді бірге қорғайық ағайын!

 IMG-20221231-WA0067

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале