21.05.2021, 13:20
Оқылды: 61

"Бала дауысында" теректілік Санжар ән салады

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының финалдық кезеңіне теректілік өрен жолдама алды.

 санжар1

Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған үлгілі "Өркен" балалар вокалды ансамблі мүшесі, аудандық музыка мектебіндегі вокал сыныбының оқушысы Санжар Дәукенов ауданымыздан бөлек, облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.

"Өркеннің" жетекшісі Гүлназ Құсайынованың айтуынша, республика бойынша байқауға 5583 өтінім түсіп, соның ішінен 17 үздік анықталған. Сол 17 жас таланттың ішінде Санжардың болуы – аудан тарихындағы үлкен жетістіктердің бірі.

Алдағы уақытта Санжар Дәукенов Алматы қаласына аттанып, телевизиялық жобада өнер көрсетеді. "Бала дауысының" алтыншы кезеңіндегі теректілік өренді барша облыс қолдайды деп сенеміз.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале