13.11.2020, 18:59
Оқылды: 33

Бала қауіпсіздігі - басты назарда

Бәйтерек аудандық білім бөлімі "Қауіпсіз күзгі каникул. Белсенді ата-ана" тақырыбында онлайн кеңес ұйымдастырды. Оған облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұржан Дүзбатыр, Приурал полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Нұргүл Биссалиева, аудан мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық аурухана акушері Сауле Терпак қатысты.

E107DC65-2AC4-4BF7-9815-3C16A7DA96BF

Кеңес басында білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Данагүл Равхатова оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша қандай жұмыс атқарылатыны жайында баяндама жасап, жоспарымен таныстырды. Кейін облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұржан Дүзбатыр сөз алып, қазіргі таңдағы балалар қауіпсіздігі төңірегінде ойымен бөлісті. Ол жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, бала тәрбиесіндегі белсенді ата-ана келбетін қалыптастыру туралы да біраз салмақты ойын жеткізді. сонымен қатар Нұржан Тоғызбайұлы әр ата-ана өз ұлы мен қызын интернеттегі түрлі қауіпті сайттар мен пабликтердің ықпалына түсіп кетпеуін қадағалау керектігін де баса айтты. Кеңесте Приурал полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Нұргүл Биссалиева "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық" тақырыбында сөз қозғаса, аудандық аурухана акушері Сәуле Терпак "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында баяндамасын оқыды.

Шара соңында кеңестің алда атқарар жұмыстары да талқыланды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале