20.11.2020, 23:27
Оқылды: 90

Балабақша жұмысымен танысты

Бүгін Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиев «Ақбота» бөбекжайының жұмыс барысымен танысты.

CC5AFC25-9270-483C-BEBE-D70A59C0645D

«Ақбота» бөбекжайы 1972 жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл қаржы бөлініп, бөбекжайдың шатыры және терезелері жаңартылып, мекеме қызметкерлерінің күшімен ішкі, сыртқы жұмыстары да қалпына келіп, 6 қараша күні пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысқан аудан әкімі қызметкерлердің жұмысына назар аударып, балалардың ата-аналарымен де тілдесті. Сонымен бірге аудан басшысы Альберт Есалиев бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табыс етті.

F80D9DC6-90AE-47D2-BB5E-032823320749

Бөбекжайдың жөндеу көргеніне ата-аналар да дән риза екендігін жеткізді. Сонымен бірге аудан әкіміне бөбекжай ұжымы тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, аймақ басшысы ұсыныстарды назарға ала отырып алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Балабақшаның жөндеу жұмыстары мен қазіргі уақыттағы ахуалы жөнінде балабақша меңгерушісі Фарзия Хасановамен сұқбаттасқан болатынбыз.

EE04E247-A427-433A-94A3-76E2AEA635AF

-Ғимараттың жөндеу жұмыстарын арнайы тапсырыс арқылы «АИАС құрылыс компаниясы» шатыр, терезелерді ауыстырып, жарық пен өртке қарсы жүйелерін жаңартып орнатты. Сонымен қатар ішкі жарларын түзеу, бояу жұмыстарын да осы компания атқарды. Бөлінген қаражаттан үнемделген қаржы есебінен ғимараттың сыртқы қабырғаларын жөндеу, есіктерді ауыстыру, едендерге жылу жүйесін өткізіп және жылыту жүйесін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бөбекжай ата-аналар көңілінен шығуда. Бүлдіршіндердің қамы үшін 26 қызметкер жұмыс атқаруда. Оның ішінде 9 қызметкер педагогтар. Қазіргі таңда балабақшада 50-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленуде, - деді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале