1.12.2022, 23:19
Оқылды: 93

Балабақшаға демеушілік танытты

«Қуанса, бала қуансын» деген қағиданы ұстанған белестіктер ауылдағы балабақшаға қолдау білдірді. Ауыл әкімдігінің, мектеп әкімшілігінің ұсынысы негізде кәсіпкерлер бүлдіршіндер мекенінің ауласын, ойын алаңын жаңартып, кілем, ойыншықтар сыйлады.

IMG-20221201-WA0036

- Балабақшамыз 2009 жылы ашылды. Сол кезде қойылған ағаш қоршауының тозығы жеткен болатын. Ауылымыздың әкімі Бақтыгүл Жүнісова осы мәселені қолға алып, демеуші тауып, қоршауымызды жаңартып бергеніне ризамыз. 3 млн. теңге қаржы бөліп, әп-әдемі етіп аула салуға жәрдем берген "Жайықмұнай" ЖШС-на мың алғыс дейміз. Аула ішіндегі ойын алаңын жаңартуға көмегін созған "Zhaik Petrolium LTD" серіктестігіне де рахметімізді жаудырамыз. Ал "Арыстанов" шаруа қожалығы 200 мың теңге сомасына кілем және ойыншықтар сыйлады. Қожалық жетекшісі Әзілхан Арыстановқа да айтар алғысымыз зор. Осы сәтті пайдаланып, жүрегі кең, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға пейілді азаматтар болса бізге түрлі дағдыға байланысты ойыншықтар керек екенін де айта кеткім келеді. Яғни түрлі дағдыларға бөбектердің тілін дамытатын, танымын кеңейтетін, шығармашылық бағытындағы ойыншықтар жатады. Қалталы азаматтар мұндай ойыншықтар сыйлау және өзге де игі істер жасау арқылы балабақшадағы 50 бүлдіршіннің дені сау, көңілі шат, рухани-шығармашылық тұрғыдан жетілген бала болып өсуіне үлестерін қосары анық, - дейді балабақша әдіскері Эльвира Жанталиева.

IMG-20221201-WA0035

Қуаныш Қали,
Белес ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале