11.03.2023, 20:40
Оқылды: 20

«Балалар әлемі» ашылды

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында «Балалар әлемі» ойын-сауық орталығы ашылды. Кәсіпкерлік нысанды ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Асхат Төлегенов ағаларымен бірігіп, ашып жатыр.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 21.35.55

Нысанның ашылу салтанатына Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева және ауыл тұрғындары кішкене бүлдіршіндерімен қатысты. Салтанатты жиын барысында ауыл ақсақалы Төлеген Бохоров құттықтау сөз сөйлеп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 21.36.12

Одан соң кәсіп иесі А.Төлегенұлы сөз алып:
-Қайырлы күн құрметті ауылдастар, балаларға арналған орталықтың ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Бауырларымызбен бірігіп, ауыл балалары бос уақытын тиімді өткізсін деген бағытта ойын-сауық орталығын ашып жатырмыз. Бала қуанса, әлем қуанады деп текке айтылмаған ғой. Сондай-ақ ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына алғысымыз шексіз. Кәсібімізді 1 млн. 250 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып бастадық. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша да несиеге ұсыныс бердік, - деді орталық иесі.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 21.36.13

WhatsApp Image 2023-03-11 at 21.36.14
Ары қарай ауыл әкімі А.Қапанов пен А.Төлегенов салтанатты түрде лента қию рәсімін жасап, шашу шашылды. Жиналған халық балаларымен ойын алаңына қарай бет алды. Алаң ішінде түрлі қызықты ойыншықтар, батуттар, сырғанақтар және автоматты ойын аппараттары орнатылған екен. Балалар мәз-мейрам болып, ойнауға кірісіп кетті.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале