1.06.2022, 17:30
Оқылды: 58

"Балалар бейбіт өмір сүрсе екен"

Бүгін Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округі мәдениет үйінде "Балауса" бөбекжайының тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG-20220601-WA0056

Шара барысында Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенова: "Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Елімізде барлық жақсылықтар, үлкен мүмкіндіктер сіздерге арналады. Сіздердің алаңсыз, бақытты балалар болып өсулеріңіз үшін аға ұрпақ еңбек етуде. Құрметті ата - аналар, балалар! Сіздерді бүгінгі 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспін",- дей келе, бүгінгі шараға демеуші болған "ErQanatGroup" ЖШС мен "Асқар" ШҚ атынан балаларға ойыншықтар тапсырды. Ақбұлақ ауылдық округі мәдениет үйінің директоры Алмагүл Имашева да мерекелік құттықтау арнап, балаларға тәтті сыйлықтар ұсына отырып, "Балауса" бөбекжайының ұжымына, мәдениет қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлер М.Кабидуллиеваға, А.Исламбековке, Б.Унгаралиевке, Б.Мендеевке алғысын білдірді. Мерекелік шара барысында кітапханаға саяхат жасалды. Кітапхана меңгерушісі  Нұрила Дарисова "Балаларға базарлық" көрмесін таныстырды.

Ата-аналар атынан сөз сөйлеген  М.Имакаева мен  Г.Нукатова: "Осындай керемет ғимаратта салтанатты шара өткізіп жатқаныңызға рахмет айтамын. Аталған шараның балалардың жеке қасиеттерін дамытуға, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелейтіні анық,- деп ризашылығын жеткізді.

IMG-20220601-WA0057

"Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! Балаларымызға қуаныш сыйлаған барша демеушілерге алғыс білдіремін", - деген "Балауса" бөбекжайының меңгерушісі Ұ.Тлуюпованың сөзінен кейін балалардың әдемі флешмобы, әндері мен ойындары жалғасты.

Арман Керей,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале