28.05.2026, 23:15
Оқылды: 6

«Балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік ертеңгілік өтті

Көңілді шараны педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды.
image-28-05-26-07-38
Сөз алған кабинет басшысы Айгүл Әлмаратқызы бүлдіршіндерге жылы лебізін жолдады. Одан соң жиналған бөбектер қойылым тамашалап, кейіпкерлермен бірге қызықты бағдарламаларға куә болды. Талантты шәкірттер өнерлерін ортаға салып, бірі ән шырқаса, бірі мың бұрала билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кейін бөлім мамандары тәрбиеленушілерге арнап қызықты ойындар ұйымдастырып, жиналған қауымның барлығы дерлік ойынға белсене қатысты.
Кеш соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Ерасыл Ахметов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" директорының м.у.а Нұржауған Тлеуқызы балдырғандарды мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ “Жан демеуші” қоғамдық бірлестігінің директоры Жансая Талғатқызы балаларға тәттілер ұсынды. Мейірім мен шуаққа толы кеш соңында ата-аналар мен бөбектер естелік суретке түсті.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале