21.12.2022, 19:05
Оқылды: 177

"Балалар мен жасөспірімдердің үздік мектебі" атанды

Бүгін Оралда Батыс Қазақстан өңіріндегі спорттың 2022 жылғы даму жетістіктерін қорытындылаған "Спортшылар балы" өтті.

IMG_20221221_190127

Салтанатты шарада сырымдықтардың аймаңдайы ерекше жарқырады десек жарасады. Мәселен, жарты ғасырлық тарихы бар Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі облыс бойынша "Балалар мен жасөспірімдердің үздік мектебі" атанды. Бауыржан Ихсанов жетекшілік ететін чемпиондар үйінде 13 спорт түрінен 560 бала тәлім алады.
Ал Бұлдыртыдағы армрестлинг үйірмесінің жаттықтырушысы, бір жылда Әлем чемпионатын екі рет бағындырып, ғалам көгіне көк туды екі рет самғатқан Төлеген Құраш Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатына ие болды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале