1.06.2026, 22:00
Оқылды: 5

Балалар шаттыққа бөленген күн

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақсай қаласындағы Ғ. Жәңгіров атындағы саябақта «Балаларға базарлық» атты мерекелік шара оздырылды. Шара аудандық демалу орталығы көркемөнерпаздары мен ауданымыздың талантты балаларының ұйымдастыруымен өтті.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 13.38.20

Мерекеге орай саябақ аумағында баларға арналған түрлі қызықты ойындар, мультфильм кейіпкерлерімен безендірілген арнайы фотоаймақтар, асфальтта сурет салу және кәсіпкерлер ұсынған ойын-сауық алаңдары болды.

Шараға Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов және КПО компаниясының логистика және сервистік қызмет көрсету бойынша қауіпсіздік техника бөлімінің бастығы Малик Ибадуллаев қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтады.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 13.38.54

- Барлық бүлдіршінді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бала күлкісін дәріптейтін, болашақ ұрпаққа қамқорлықты білдіретін ерекше мереке. Жыл сайын қаламыздың әр түкпірінде жаңадан балаларға арналған ойын және спорт алаңдары ашылуда, және осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді құттықтау сөзінде қала басшысы Арсен Толқынұлы.

Мерекеге орай саябақ аумағында КПО б.в. компаниясы және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен және балаларды жолдағы апаттардан қорғау мақсатында жол ережелерін түсіндіретін неше түрлі ойындар ойнатылды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале