1.06.2023, 10:16
Оқылды: 15

Балалар шаттыққа кенелген күн

Бүгін «Қайсар» спорт клубының ғимаратында ауданның ерекше балаларына арналып, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

InShot_20230601_074915621

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев сөз сөйлеп, ерекше балаларды мерекелерімен құттықтап, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалатын жобалар туралы айтты.

InShot_20230601_075016312

Шараны ұйымдастыруға облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов демеушілік етті. Орал қаласынан арнайы аниматорлар шақырылып, ән мен биге, ойын-сауыққа, қуаныш пен шаттыққа толы думан өткізді.

InShot_20230601_074946181

Аниматорлар балаларға би билетіп, түрлі ойындар ойнатты. Балаларға сабынды көбік шашылып, оны балалар қуана үрлеп, мәз болысты. Айта кетейік, мұндай сабынды көбікті үрлеу көңілді қуантып қана қоймай, балалар денсаулығына өте пайдасын тигізеді. Тыныс алу мүшелеріне, өкпеге, ерін, бет бұлшықеттеріне дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі, нерв жүйесін тыныштандырады. Одан кейін балалар жылтыр шашақтарды шашып ойнап, шаттыққа кенелді. Бұл да балалар үшін ұмытылмас керемет әсер сыйлады.
Шара соңында балалар естелік суретке түсіп, әдемі отшашудың куәсі болды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале