23.07.2026, 11:30
Оқылды: 19

Балалар туризмі мен өлкетанудың жанашыры зейнетке шықты

Шыңғырлау ауданында саналы ғұмырын білім, балалар мен жасөспірімдер спорты, туризм және өлкетану саласына арнаған Галина Волкогонды құрметті зейнет демалысына шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

image-23-07-26-03-54 (1)

Іс-шараға аудан әкімі Мұрат  Өмірәлиев, әріптестері мен сала ардагерлері қатысып, ұзақ жылғы еселі еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді.

Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы  өз сөзінде Галина Степановнаның бүкіл еңбек жолы Шыңғырлау ауданымен тығыз байланысты екенін атап өтті.Аудан тұрғындарының атынан ризашылығын білдіріп,Алғыс хатпен  марапаттап, дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Галина Волкогон еңбек жолын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастап, кейін жас туристер станциясында, мектептен  тыс жұмыстар орталығында әдіскер қызметтерін атқарды. Ал 2003 жылдан бастап туризм  және экология орталығына басшылық жасап, балалар туризмін, өлкетану мен экологиялық тәрбиені дамытуға сүбелі үлес қосты.

image-23-07-26-03-54

Ол өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары, жастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірген ұстаз. Оның ұзақ жылғы еңбегі «Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, облыстық білім басқармасының, облыс және аудан әкімдіктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бесінші,алтыншы,жетінші Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып, ел сеніміне ие болды.2016-2021 жылдар аралығында аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарды.

Салтанатты жиында әріптестері Галина Степановнаға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр мен баянды бақыт тіледі.

 

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале