23.06.2026, 17:10
Оқылды: 17

Балалар туризмінің ардагерлері Сырым өңіріне саяхат жасады

Биыл Батыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің құрылғанына 66 жыл толып отыр. Нақтырақ айтсақ, Орал қаласындағы қазіргі облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы 1960 жылы құрылса, аудандарда 2000 жылдардың басында ашыла бастады. Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл саланың алдынғы буын ағалары қазіргі таңда зейнет жасына шығып, еңбектерінің зейнетін көріп отырған ақсақалды аталар.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.04 (2)

Туризм саласының ардагерлері — отандық саланы дамытуға, ішкі туризмді қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосқан, өз ғұмырын осы бағытқа арнаған құрметті жандар. Жоғарыда атап өткенімдей 66 жыл аз уақыт емес. Осы аралықта талай қызықты күндер , ұмытылмас сәттер болды. Осынау қызықты сәттерді еске алып, бас қосу мақсатында ардагер туристер Сырым ауданына сапарға шықты. Олардың қатарында Мажит Нурекешов, Қуаныш Аққалиев, Андрей Санатов, Александр Мамин, Александр Дмитриев, Менлан Қанаев, Самигулла Бисемалиев, Құрманғазы Ақмамбетов, Мұқан Айтуаров бар.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.05
Маршрут: Орал-Жымпиты-Қоңыр ауылы- Сарқырама. Алдымен ардагер ағаларымыз Жымпитыға аялдап, одан соң Қоңыр ауылына жол тартты. Қоңыр ауылдында мектеп директоры Әскербек Тажғалиев қарсы алып, жаңадан жөндеуден өткен мектептің тарихымен таныстырды. Қонақтар естелік суретке түсті. Әскербек ағамыз шаңырағына шақырып, қонақасы берді. Сый-сиапат жасап , құрмет көрсетті.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.05 (1)
Мақсатымыз Сарқырамаға бару. Ардагер ағаларымыз тас-түйін дайын. Маршрут бойынша сарқырамаға жетіп орналастық. Сарқыраманың суына түсіп, бұлағының суын іштік. Алау жағып, самаурынға қайнаған ыстық шәймен естелік әңгімелер, гитарамен ән айтылды. Бір сәтке батыс қазақстан облысында балалар туризмінің негізін қалаушы Виктор Фоминді еске алдық. Ардагерлер арасында мергендер сайысы оздырылды. Жүлделі орын алған ағалар марапатталды. Ардагер ағаларымызға жаксы көңіл-күй сыйладық. Бұл біз үшін үлкен бақыт. Бір кездері әріптес болған ардагер ағалармен қимай қоштастық.Ардагерлерге құрмет көрсету–
әрқайсысымыздың парызымыз. Олардың отаншылдық пен адамгершілік қасиеттері жастарға үлгі - өнеге.
Барша ардагерлерге ерен еңбекшілдігі, жігерлілігі, өміршеңдік өсиеттері үшін алғыс айтамыз, мықты денсаулық, рух сергектігін, әрқашан амандықта болулары мен ашық аспан тілейміз. Біздің қымбатты ардагерлерімізге табандылықтары үшін бас иеміз!

Бейбіт Батыршин,

Сырым ауданы

WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.05 (2) WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.05 (3) WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.05 (4) WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.06 WhatsApp Image 2026-06-23 at 18.08.04

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале