22.04.2024, 12:33
Оқылды: 12

Балалар жұлдызын «Балдаурен» жақты

Шыңғырлау аудандық балалар шығармашылығы «Балдәурен» фестивалі өз мәресіне жетті. Аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі алты аталым бойынша оздырылған еді. Олар - эстрадалық вокал, хореография, халықтық музыка (домбыра), домбырамен ән салу, жыр айту, поэзия, сән салоны. Фестивальге аудандық және ауылдық округтен  іріктеу кезеңдерінен өткен 85 үміткер қатысты.

WhatsApp Image 2024-04-22 at 01.21.31 (1)

Іріктеу кезеңдері - эстрадалық вокал, хореография аудандық мәдениет үйінде, халықтық музыка (домбыра), домбырамен ән салу, жыр айту жанрлары аудандық балалар музыка мектебінде, поэзия жанры мәдени-демалыс орталығында, сән салоны Дән ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.

WhatsApp Image 2024-04-22 at 01.21.31 (2)

Жас таланттардың өнерін  бағалайтын әділ қазылар алқасына бірінен бірі өтетін өнерлі өрендер ішінен біреуін таңдау қиынға түсті. Себебі жас өнерпаздардың барлығы жобаға тамаша дайындықпен келген. Десе де оза шапқан қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Алты түрлі жанр бойынша жеңімпаздар Гала концертте өнерлерін тағы бір паш етіп, марапаттау рәсімінде дипломдар мен сыйлықтарын алды.

WhatsApp Image 2024-04-22 at 01.21.30

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале