1.06.2022, 22:47
Оқылды: 62

Балаларды қуанышқа бөлеген мереке

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Балалар фестиваль 1

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен 2022 жыл -  «Балалар жылы» деп аталған болатын. Қаратөбе ауданы орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы алаңға жиналған бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан:
- Балалар - біздің болашағымыз. Ауданымызда болашақта балаларымызға арналып көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Ата-аналар үшін балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Балаларымыздың өмірінің қауіпсіз болуы сіздер мен біздерге байланысты. Бүгінгі шараға арнайы қатысқан барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймын,- деді.
Осынау шара балғын балалық шақтың көрігін қыздырған бүлдіршіндердің сахналық өнерлерімен жалғасты. Шарада көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мадина Қаражан атты бүлдіршініміз «Қазақстан, егемен елім!» әнің орындаса, қалған жас бүлдіршін өнерпаздар да әннен шашу шашты. Кеште сахналық киімдерімен ерекшеленген «Маша» биін билеген «Жазира» бала-бақшасы тәрбиеленушілеріне көрермен зор қошемет көрсетті. Одан бөлек Мажитовтар отбасылық ансаблінің орындауында «Әжем айтқан ертегі», Алина Бисенғалиеваның орындауында халық әні «Қамажай», Гүлзат Қадыржанқызының орындауында «Аққу күйі» және жекелей өнерпаздар да өз өнерлерін көрерменге ұсынды.Балалар фестиваль 2

Шара соныңда балаларды ынталандыру мақсатында ата-анасы шақырған кезде баланың еңбектеп бару ойыны мен балалардың шағын веложорығы ұйымдастырылды. Жеңімпаз бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале