26.12.2023, 17:15
Оқылды: 12

Балаларды құттықтады

Бүгін «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында, жаңа жыл мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов және аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Исанова аудан орталығындағы Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы мектептердің аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтай барды.

Балалар

Жаңа жылмен құттықтап облыстық мәслихат депутаты Азамат Бисеновтың атынан оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіп, мықты денсаулық, сапалы білім тіледі.

Тосыннан келген қонақтар мен олар ұсынған сыйлықтарға қуанған балақайлар депутат ағаларына қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале