15.04.2022, 23:03
Оқылды: 60

Балалардың бағын ашқан фестиваль

Өнерге іңкәр өреннің алғашқы сахна мектебі ол – «Балдәурен» фестивалі. Талай жарқыраған жұлдыздардың талаптарын шыңдайтын, қанаттарын қатайта түсетін «Балдәуренге» айтылар ізгі тілектер қаншама.

IMG-20220415-WA0139

Қаратөбе пудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі оздырылды. Шығармашылық байқауға аудан орталығынан және ауданға қарасты барлық округтерден келген отыз бес жас өнерпаз қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Өнер бәйгесіне қатысушы жас талант иелерін аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Нұрлыбек Жазғарұлы құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Биылғы "Балалар жылына" орай ұйымдастырылған фестиваль төрт жанр бойынша ұйымдастырылды.

Балалардың бағын ашар фестивальде «Отан», «Сарыжайлау», «Ананың тілі» әндері, би жанры бойынша испан және өзбек биі, күй жанры бойынша «Жұмыр-Қылыш», «Қос алқа» күйлері, поэзия бағыты бойынша «Қыз Жібек» жырынан үзінді айтылып, көрерменге ерекше жігер сыйлады.

IMG-20220415-WA0138

Байқау қорытындысы бойынша «Эстрадалық вокал» жанры бойынша I орын қөскөлдік Шахризада Қайратқызына бұйырды. «Хореография» жанры бойынша Қөскөл ауылынан келген «Алаш би» тобы І орынды иеленді. Күй жанры бойынша өз бағын сынаған Қаратөбе саз мектебінің шәкірті Гүлзат Қадыржанова Бас жүлдеге ие болып, топ жарды. «Вокал» жанры бойынша шөптікөлдік Аруна Тілекқайыр, Айымбибі Айбекқызы, Нұрайым Мәжит бас жүлдеге ие болып, биік белеске қадам басты. «Домбырамен ән салу» жанры бойынша өнер көрсетіп, домбыра шанағынан төгілген күйді шебер орындаған жусандойлық Диас Пауеденовқа бас жүлде бұйырды.

«Поэзия» жанры бойынша да жас таланттар өз өнерлерін көрсетіп бақтарын сынады. Осы аталым бойынша бас жүлдеге Қөскөл ауылынан келген өнерпаз Қанатбек Зияхметов ие болып, 19-20 сәуір күндері өтетін Орал қаласында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Балдәурен» балалар шығармашылық фестиваліне жолдама алды.

Әмірбек Әлібекұлы, 

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале