19.05.2022, 12:30
Оқылды: 60

Балалардың терезеден құлау қауіп-қатерінің алдын алайық!

Көп жағдайда балалардың биік үйлердің терезелерінен құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз үйде қалуы себебінен орын алады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін кішкентай балаларды бір минутқа да жалғыз қалдырмау керек. Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қою ұсынылады.

8

Фотосурет: tengrinews.kz

Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады. Балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.

Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет.

Егер сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Балалардың үлкендеріне өзінен кішілерге қарауға үйретіңіз.

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале