3.07.2021, 21:01
Оқылды: 74

Балаларға ерекше көңіл күй сыйлады

Жуырда Бәйтерек ауданында «Жеңіс» кинотеатры мен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен ауыл бүлдіршіндеріне арналған «МультШоу» викторинасы оздырылды.

IMG-20210703-WA0017

Қызықты шара аясында балаларға тегін мультфильм көрсетіліп, шығармашылық сайыстар ұйымдастырылды. Үздік өнер көрсетіп, өзінің біліктілігін танытқан бүлдіршіндер сыйлықтарға ие болды.

- Шарамызды ауыл балаларының есінен кетпестей етіп, көңілді өткізуге бар күшімізді салдық. Ондағы мақсатымыз ауыл бүлдіршіндерінің жазғы демалысын тиімді өткізіп, тынығуына септігімізді тигізу. Сондай-ақ демалыс маусымында көңіл көтеріп, жаңа достар табуға мүмкіндік сыйлауды да жөн көрдік. Алдағы уақытта басқа форматтағы түрлі көңіл көтеретін фестивальдар өткізу жоспарлануда, - дейді мәдени шараны ұйымдастырушы Анна Гумарова.

Бұдан бөлек бүлдіршіндерге арналған сергіту "Мой любимый мультгерой" атты сурет байқауы да өтті. Оның жеңімпаздарына да сыйлықтар табыс етілді.

Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале