8.09.2022, 11:16
Оқылды: 36

Балаларға қуаныш сыйлады

Бала десе ет-жүрегі елжірейтін халықпыз ғой. Қай ата-ана болмасын бауыр еті баласының бақытты балалық шағы болғанын қалайды. Осыны желеу қылған Казталовтың белсенді тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып бірікті. Иә, олар ынтымақты ту етіп, өздері тұратын көшеге балалар ойын алаңын салып берді. Дәлірек айтсақ, С.Сейфуллин, А.Оразбаева және Тәуелсіздік көшелерінің тұрғындары бірігіп, өз қаражаттарына балалар ойын алаңын жасады.

8

Ерекше белсенділік танытып, ойларымен бөліскен жастарды аталмыш көшелердің үлкендері де қолдады. Көше тұрғындарының айтуынша алаңның құрылысын былтырғы жылы бастап, биыл жұмысты толығымен аяқтаған.

9

Қазақта «берсең, балаға бер!» демей ме? Құмарлары қанғанша ойнап жүрген балаларды көріп ерекше сезімге бөленесіз! Ауызбіршілік бар жерде алынбас асу болмайтынын С.Сейфуллин, А.Оразбаева және Тәуелсіздік көшелерінің жарасымды тұрғындары дәлелдеді. Жарайсыздар!

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале