1.06.2021, 21:10
Оқылды: 18

Балалық шақтың бал күні

Бәйтерек ауданы Дарьинск модельді балалар кітапханасы «Ашық аспан аясындағы жазғы демалыс» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

20210601_211902

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған қызықты салтанатқа ауыл балалары тегіс жиналды.

Шара басында жүздерінде қуаныш орнаған балалар бір-бірінің ермексаздан жасаған бұйымдарын тамашалап, мәре-сәре болды.

Бала қиялынан туған ойыншықтар ертеңгі күнге деген сенім мен бүлдіршін көңіліндегі қуанышты бейнелегендей болды.

20210601_211916

Одан әрі мереке түрлі ойындарға ұласты. Қызықты эстафеталарға қатысқан балалар жеңістерін ата-аналарымен бірге әжелеріне арнап, көпшілік көңіліне қуаныш сыйлады.

Мереке барысында кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ кітапханашы балақайларға викториналық сұрақ қойып, білім бәйгесінен озық шыққандар да табылды.

IMG-20210601-WA0046

Қызықты шара соңында балалар модельді кітапханасының меңгерушісі Лидия Саманюк қатысушыларға ризашылығын білдіріп, бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар таратты.

Гүлжан Аязбаева
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале