9.11.2021, 15:47
Оқылды: 176

Балалыққа кітаппен барар жол

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Болашақ ауылдық кітапханасы кітапханашысы А.Карабалина «Балалыққа кітаппен барар жол» атты оқырманға арналған әдеби кеш ұйымдастырды.

10

Мектеп оқушыларының білімдерін шыңдай түсіп, бос уақыттарын тиімді өткізуді көздеген  шараға жас оқырмандар белсене қатысты.

Шара барысында қатысушылар кітапханашы жасырған жұмбақтарға жарыса жауап беріп, оқылған ертегілерді бар ықыластарымен тыңдады. Сонымен қатар өздері де «Айгөлек», «Балдырған» секілді балалар журналдарын қарап, бұған дейін оқыған кітаптары жайлы сөз етті. Өзара ой бөлісіп шағын пікірталас жасады.

Кеш ұйымдастырушыларының айтуынша, оқушыларға мектеп бағдарламасын қатыстыра отырып, түрлі пәндерден сұрақтар қою өткен тақырыптарын қайталап, ұмытқан жерлерін еске түсіріп, білімдерін шыңдай түсуге ықпал етеді екен.

12

Оқырмандар кітап оқып ой бөлісумен шектелмей, біліммен қатар спорттық қабілеттерін де ортаға салып, дойбы жарысына түсті. Одан бөлек пазл, текшелер құрастыру сияқты қызықты ойындар ойнап, көңілдерін сергітуге мүмкіндік алды.

-Балаларының бос уақыттары гаджет шұқып,теледидар қарап емес, кітапхана ғимаратында өткізгеніне ата-аналр разы. Оның үстіне кітап оқимын деген адамға еісіміз әрқашан ашық -дейді ауыл кітапханашысы Айнагүл Карабалина.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале