5.02.2025, 22:30
Оқылды: 90

«Баламалы негізде сайландым» – Айкөркем Жеңіс

Кеше Жалпақтал ауылындағы Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында Казталов ауданының сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттері және сол ауылдағы екі орта мектептің 10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысқан «Сайлау – жарқын болашақ үшін таңдау» тақырыбында құқықтық сағат іс-шарасы өтті.

1

Болашақ жас сайлаушылар кездесуінде сөз алған Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, мектеп Президенті әрі Парламент мүшесі Айкөркем Жеңіс өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Оқу озаты, мектеп белсендісі өз сөзінде: «Мектеп Президенттігіне баламалы негізде, яғни оқушылар арасындағы жоғары лауазымға ұсынылған бес кандидатураның ішінен сайлаушылардың көпшілік дауысымен сайландым. Сонымен қатар мектебімізде сайланбалы орган – Парламент те жұмыс жасайды. Бұл билік құрылымдары мектепішілік жұмыстарға белсене қатысып, оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен сыйластықты, сондай-ақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға, сөйтіп мектебіміздің абырой-беделін арттыруға өз үлесімізді қосып келеміз» - деген болатын.

Айта кету керек, Айкөркем Жеңіс - «EVEREST» баспа үйінің «Жыл үздігі» төсбелгісінің иегері, көптеген республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Ел үміті» энциклопедиясының алғысхатымен марапатталған.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале