26.03.2021, 14:37
Оқылды: 143

Балапаннан пайда тапқан теректілік Хамит

Еңбек етуге құлшынысы бар, өз ісін ашамын деген әр қазақстандыққа мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіппен айналысып, адал нәпақа айыруына мүмкіндік бар. Жыл сайын жүздеген адам жеңілдетілген несие немесе қайтарымсыз грант алып, ісін ашады. Сондай жолы болған жанның бірі – Теректі ауданы Долин ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылының тұрғыны Хамит Жұмағалиев.

 Жумагалиев индюк

«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша берілетін грантты иеленуге дайындалған Хамит күркетауық өсіруге бел байлады.

Жобасы тиімді деп танылып, 555,6 мың теңге көлемінде грант алып, қаржысын толықтай жұмсайды. 10 аналық, 104 балапан күркетауық сатып алған Хамит құны 200 мың теңге тұратын инкубатор сатып алды. Жоспары – балапан бастырып, құс көбейту. Осы мақсатқа оған ауыл мағынан жер телімі де бөлінді.

жумагалиеввв1

Күркетауығын баптап, балапанын өсіріп, қыс түсе 40 басын сойып, Орал қаласындағы жәрмеңкеге шығарды. Әр келісін 2000-2500 теңгеден сатып, пайда түсірді.

Күркетауықтың 20 аналығын арнайы алып қалып, қыстай қорада бағып шықты. Жем-су, жылумен қамтамасыз етті. Енді күн жылына аналықтардан алған жұмыртқаны инкубаторға салып, құс басын көбейтпек.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале