16.06.2022, 16:59
Оқылды: 67

«Балдәуренде» әр күн қызықты

Жаз – балалар үшін өте қызықты кез. Сабақтан мойыны босаған бала күн ұзаққа ойын қуып, суға шомылуға асығады. Осындай кезде олардың демалысын дұрыс жоспарлау арқылы тек демалып қана қоймай, жаңа білім-білік алуына жағдай туғызу керек. Осы орайда мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы лагерьлердің пайдасы бар.

WhatsApp Image 2022-06-16 at 16.30.00

Теректі ауданындағы жазғы лагерьлердің қай-қайсысы да балалардың уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауда.

Мысалы, Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы  жазғы мектеп - «Балдәурен» лагерінде балалар үшін қызықты да танымдық шаралар өтіп жатыр.

Лагерьдің алғашқы күнінде  «Сәлем, достар!» атты іс-шарада балалар бір-бірімен танысты. Лагерь басшысы Нұргүл Ихсанова мен тәрбиешілер қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, дәрігерлік тексерістен өткізді.

1 маусым күні мектеп кәсіподағы лагерь ішін безендіріп, балаларға керемет мереке ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігі атынан Гүлзада Жүнісова құттықтау сөз сөйледі. Содан соң балалар өнер көрсетіп, үлкен концерт қойды. Мерекеге келген сайқымазақтар күлкілі қойылымдармен көңіл көтерді. Оқушылар «Мен бақытты баламын» флешмобы мен асфальтқа сурет салуға белсенді қатысты. Жергілікті кәсіпкер Бақытгүл Имашева балмұздақ таратып, балаларды қуантты.

Лагерьге келушілердің әр күні алдын ала жасалған жоспарға сәйкес өтуде. «Мен елімнің патриотымын» апталығы шеңберінде «Ұранды елдің  ұрпағы қайсар» спорттық-эстафеталық сайысы, Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» салтанатты жиыны өткізілді.

Лагерьдің бірінші кезеңінде 1-4 сыныптардан 155 оқушы қатысты. Ал екінші кезеңде 5-8 сыныпта оқитын 159 бала қамтылады.

 Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале