17.05.2022, 20:15
Оқылды: 45

Балдырғандар бағын жаққан фестиваль

Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Балалар жылы» болып белгіленді. Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» тақырыбында оқырман балалар фестивалі ұйымдастырылды.

IMG-20220517-WA0122

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Карелұлы, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының әдіскері Майра Тәтенова, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Жанаргүл Болатқызы, бөлім басшылары мен мәдениет қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Карелұлы ұйымдастырылып отырған шараның мән-маңызы зор екендігіне тоқталып, фестивальге қатысушы балаларға сәттілік тіледі. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының әдіскері Майра Тұрланқызы да бүгінгі шараға қатысушы оқырмандарға жылы лебізін арнап, жыл сайын ұйымдастырылатын шараның мақсаты оқушыларды кітап оқуға баулу, кітапхана мен оқушыларды өзара байланыстыру екендігіне тоқталып өтті.

Маңызы зор шарада қатысушыларға «Аманат» домбырашылар ансамблі «Секіртпе» күйін күмбірлетсе, Дәрия Сағызбай «Қазақ елі» әнін орындап тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бүлдіршін оқырмандар байқауы «Сурет салу», «Ертегі кейіпкерлерінің өнері», «Шығарма желісінен көрініс» кезеңдерінен тұрды. Танымдық кешке барлық қатысушы оқушылар ерекше дайындықпен келген. Олар киім үлгілерімен көпшілікті тәнті етті.

Шараның қорытындысында оқырмандар мен кітапханашыларға Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы директорының атынан алғыс хаттар табысталды. «Кітап достық көпірі» атты ұлттар әдебиеті, соның ішінде шешен әдебиетінің шығармалары облыстық байқауында жүлделі бірінші орын алған жерлес оқырманымыз Инабат Бекболатқызына диплом табысталды. Сондай-ақ Аққозы, Саралжын, Үшана, Сәуле, Соналы, Үшағаш, Шөптікөл ауылдық кітапхана ұжымдарына да алғысхаттар табыс етілді.

IMG-20220517-WA0121

Балалар фестивалінде әділқазылар алқасының шешімімен «Сурет салу» кезеңі бойынша І дәрежелі диплом Жусандыой ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Маусымжан Маратқызына табысталды. Екінші «Ертегі кейіпкерлер өнері» кезеңі бойынша І дәрежелі диплом Шалғын ауылдық кітапханасының оқырманы Әлия Нұртайға бұйырды. Соңғы кезең «Шығарма желісінен көрініс» кезеңінде І дәрежелі дипломға Төлен ауылдық кітапханасының оқырмандары ие болды.

Әмірбек Әлібекұлы, 

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале