9.03.2021, 10:28
Оқылды: 57

Балыққа ауа жіберді

Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылдық округінің жоғары сынып оқушылары экологиялық акция ұйымдастырды.

4FC14D34-58FD-4F39-A75E-4319761AA881

Үлкен-Шаған мектебінің жоғары сынып оқушылары аумақтық-әкімшілік инспекторымен және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірге қыс мезгілінде қалың мұз басқан Шаған өзенінің бетіне ойықтар жасап, балыққа су жіберді.

A0D4CA3B-2FF1-40FA-84BC-D8F2D072900B

-Қыз мезгілінде аудан аумағында орналасқан өзен-көлдердің бетін мұз басуы балықтардың тұншығуына әкеліп соғады. Сол себепті оқушылармен бірігіп, экологиялық шара ұйымдастыруды ұйғардық. Жасөспірімдерді адамгершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту мақсатында оздырылған шараға қатысқан оқушылар жұмысты үлкен жауапекершілікпен атқарды. Осы ретте Үлкен-Шаған мектебінің эколог маманы Светлана Владимировнаға және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз,-дейді Көшім ауылдық округінің әкімі Айнагүл Баянова.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале