20.09.2021, 10:57
Оқылды: 64

Бапкер ашық сабақ өткізді

Бәйтерек ауданында жастардың патриоттық сезімін дамыту, оларды еліміздің жеткен жетістіктерімен тереңірек таныстыру мақсатында «Тәуелсіздік жетістіктері» жобасы қолға алынды. 

 7

Ауылдың, аудан, облыс тіпті еліміздің дамуына жеке үлесін қосқан жандардың ерлігін ұлықтап, олардың өмірін жас ұрпаққа үлі ету үшін қолға алынған жоба аясындағы тағылымды шара Бәйтерек ауданы Январцев ауылында өтті. Ауыл мектебіне қонақ ретінде бапкер әрі спортшы Жарас Мұқанұлы келді.

Сабақ барысында Жарас Мұқанұлы оқушыларға өз өмірбаянын айтып, спорттағы өзінің және шәкіртерінің жетістіктері туралы баяндады.

8

Жарас Айтуаров спорт саласына өз үлесін қосып келеді. Ол облыс, республика көлемінде танымал. Президентік көпсайыстан ел чемпионы, спорт шебері. Оның шәкірттері шаңғы, жеңіл атлетика сайыстарында облыс, республика көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр.

Қызықты өткен басқосуда бапкер жастарды бос уақытын текке өткізбей, пайдалы іспен айналысу ға, шақырды. Сондай-ақ Қазақстан тарихынан квиз-тестілеуден өтіп, білімін көрсетті.

 

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале