8.06.2021, 9:33
Оқылды: 95

Бас имам - Шыңғырлау ауданында

 Кеше ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шыңғырлау ауданында болды.

5C7DD769-BB63-42D0-8209-19D2334E70AE

   Аудандық мешіттерді аралау сапарлары Бәйтерек, Жаңақала аудандарынан бастау алды. Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан имамы Еламан Тимурұлын арнайы қабылдап, ел аумағындағы діни ахуал жайында пікірлесіп, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі Әлия Биғазықызы жаңа тағайындалған Еламан Баядилдің жаңа қызметімен құттықтап, асыл дініміздің насихат, имандылық жолына сәттілік тіледі.

Облыс имамы Шыңғырлау аудандық мешітіне жиналған қауыммен жүздесіп, бірлік пен ынтымақ жайында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды.

Жамағат өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.

        ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале