4.05.2022, 11:15
Оқылды: 63

Бас жүлде - Айкөркемде

Таяуда Балалар жылына орай мектеп Парламенті және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен екі кезеңнен тұратын «Бала дауысы – 2022» ән байқауы өтті.

IMG-20220503-WA0018

8-12 жас аралығындағы шәкірттер қатысқан байқаудың алғашқы кезеңі онлайн іріктеу турнирі түрінде өткізілді. Ал финалда 26 оқушы бақтарын сынады.

IMG-20220503-WA0023

Жас бүлдіршіндердің өнерлерін қолдап, шығармашылығын дамыту, оларды патриоттық сезімге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыстың қазылар алқасы құрамында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақылай Есенбекова, музыка пәнінің мұғалімі Махут Жапақов, әлеуметтік сарапшы Гүлімай Такаева, республикалық ән байқауларының лауреаты, мектеп Парламентінің белсенді мүшесі Томирис Жасыбек, педагог-дефектолог Гүлбарам Серікова төрелік етті.

IMG-20220503-WA0022

Тартысты өткен байқау нәтижесінде 2-сынып оқушысы Айкөркем Қайралы өзгелерден өнерімен басып озып, бас жүлдені қанжығасына байлады. І орын тұғырына Фатима Супыгалиева лайық деп танылды. 4-сынып шәкірті Наргиза Тикенбаева мен 3-сыныптың намысын қорғаған Сардар Талғат ІІ орын алды. Жүлделі ІІІ орынды иеленгендер қатарында Әлия Кеңес, Айым Нұрберген және Нұраухат Мұратжан болды.

IMG-20220503-WA0024

Барлық қатысушылар мектеп директоры М.Сыхов атынан алғысхатпен марапатталды.

Нұргүл Ихсанова,

Подстепный жалпы орта білім

беретін мектебінің аға тәлімгері

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале