14.09.2022, 11:00
Оқылды: 45

Бас жүлде  - «Jastar» спорт клубында

Жуырда Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында «Жігер» спорт клубының құрылуына 10 жыл толуына орай волейбол, қол күресі, арқан тарту және шағын футболдан спорт клуб қызметкерлерінің арасында Ақжайық ауданының ашық турнирі өтті.

bf6331e4-f0ba-4632-b456-25fcec8bbc61

Ашық турнирге  Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Сырым, Казталов және Шыңғырлау аудандарының құрама командалары қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес спорттың 4 түріне де толық құраммен Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубы қызметкерлерінің құрама командасы да қатысты.

Қол күресінен жекелей сында 74 келі салмақ дәрежесінде Жәнібек Уахитов ІІІ орынды иеленсе, +74 келі салмақ дәрежесінде Қолқанат Серіков І орынды қанжығасына байлады, ал волейболдан ''Үздік шабуылшы" номинациясына Сисенбаев Нұрлыбек ие болды.

Бас жүлде «Jastar» спорт клубында (1)

Командалық есепте арқан тартудан І орын, қол күресінен ІІ орын,

волейболдан ІІІ орын, шағын футболдан IX орынға ие болды.

Ауданаралық сайыстың нәтижесінде Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының қызметкерлері І орынға ие болып, аудан спортшылары жеңіске жетті.

Жүлделі орындарға ие болған командалар«Жігер» спорт клубының диплом, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале