1.04.2022, 12:45
Оқылды: 229

Басқарма бастығы тағайындалды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен жиын өтіп, оған аудандық дербес, сондай-ақ аудандық полиция, қорғаныс істері, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің басшылары қатысты.

IMG_8829

 

Жиында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша Шекара департаментінің бастығы Бауыржан Рысбеков сөз алып, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 10 наурыздағы №66 бұйрығымен БҚО шекара департаментінің Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы болып, подполковник Қуанышбек Нүсіптің тағайындалғанын жеткізді. Б.Данасұлтанұлы Қ.Нұржауұлының шекара қызметінде біраз жылдан бері қызмет атқарып келе жатқанын, соңғы жылдары Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары болғанын айта келіп, оны жаңа лауазымымен құттықтады. Алдағы уақытта мемлекеттік шекараны күзетуде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қызмет атқаратынына сенім білдірді.

IMG_8826

Жиынды Асхат Хамитұлы қорытындылады.

А.Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале