22.10.2021, 19:03
Оқылды: 72

Баспасөз – қоғам санасын көтеретін құрал

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сатқалиұлы Сапаров жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.

44

Баспасөз науқанына байланысты өткен алқалы жиынға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының көмекшісі, мерзімді баспасөз басылымдарын таратуды ұйымдастыру және бақылау маманы Шамшеддин Мұқанов, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Карменов, ауылдық округ әкімдері, аудандағы бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіне сай «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Т.Сапаров баяндама  жасады.

Табылғали Сатқалиұлы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елімізде атқарылған жұмыстармен қатар, үгіт-насихат жұмыстарының қоғамдағы рөлі туралы әңгімеледі.

– Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Ата-бабаларымыз аңсап өткен баға жетпес байлығымыз егеменді ел болу жолында еліміз көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Елбасының көреген саясаты мен жасампаз қазақ елі халқының жанқиярлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген еліміздің тәуелсіздігін қорғау біздің басты міндетіміз екендігін естен шығармауымыз керек.

Қазақ елінің мәдени және рухани құндылықтарын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше, қоғам санасын көтеретін –баспасөз, - деп атап көрсетті  «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сатқалиұлы.

Аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакторының міндетін уақытша атқарушы Серікбай Хасанов ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу жағдайы мен алдағы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған мерзімдік басылымдарға жазылу науқанына байланысты жүргізіліп жатырған жұмыстарды баяндады.

45

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Меңдешов жергілікті басылымның аудан өміріндегі орынының ерекшелігі турасында әңгімелеп, аудан тұрғындарын жергілікті басылымға жазылуға шақырды.

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев жиналысқа қатысушыларға біраз мағлұмат берген Табылғали Сатқалұлына қаратөбеліктер атынан алғысын білдірді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе  ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале