21.07.2021, 19:48
Оқылды: 85

«Бассыздыққа жол бергендер жазалансын»

IMG-20210721-WA0000

17 шілде күні желіде жастарымыздың бассыз әрекеті тарады. Көрген көз ұялатын жазбадан сахнаға шығып алып, көпшілік алдында шешінген жастарымызға қарап, ұяттан кірерге тесік таппадық. Шашын жайған қыздарымызды көргенде бетімізді шымшушы едік. Бұны көргенде бетті басып, қатты састық. Болашағымыз жастар деп оларға еркіндік бергенімізден тапқан пайдамыз осы болды ма деп те ойладық.

Әрине көпке топырақ шаша алмаймыз. Десе де мәңгілік ел боламыз деген мемлекеттің жастары бұндай қылықтан ада болғаны абзал. Үш есерсоқтың үш минуттық әрекеті күллі аудан, тіпті облыс халқына жағылған күйедей болды.

Оның үстіне ел ауырып, ем таппай жатқан кезде ел тұтқасын ұстайды-ау деген жастарымыздың есіргені көп адамның ашу-ызасын тудырды. Қазақ елінің азаматы ретінде жастардың бұл әрекеті жазасыз қалмауы керек деген ойдамын. Сондай-ақ тек ұятты әрекетті жасағандар ғана емес, оларды бейнеге түсіріп, желіге таратқандар да жазасын алғаны дұрыс.

Қадырбай Абдушев,
Еңбек ардагері
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале