24.07.2020, 9:17
Оқылды: 68

Бастама қолдау тапты

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен қолға алынған «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» акциясы бөкейлік партияластар тарапынан кеңінен қолдау табуда.

72E968C9-AE31-4F5C-9AE1-800603877595

Бөкейлік "жасотандықтар" көрінбейтін жаумен күнбе-күн бетпе-бет жұмыс жасап жатқан дәрігерлерді және індетке шалдыққан жерлестерді қолдау мақсатында ауруханаға қымыз бен дәруменге бай жеміс-жидектер әкеп берді. Бұл игі іс бір реттік емес. Араға күн салып, қайта жалғасын тапты.

72D0E3BA-B4CF-4B09-9E98-ED4667DD6AC5

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев:

– "Жасотандықтар" мен партия мүшелерінің демеушілігімен жүзеге асып жатқан қайырымдылық шара алдағы күндерде жалғасады. Індеттің қарқыны қатты. Ауруға шалдыққан жерлестер саны да артып отыр. Сондықтан мұндай қолдау алдағы уақытта да көрсетілетін болады,- дейді.  

499B4ACE-FE94-443A-8867-9A879032547D

«Орда» бастауыш партия ұйымының төрағасы Медет Сисеновтың ұйымдастыруымен Хан ордасы жігіттерінің қолдауымен аудандық аурухана провизорлық орталық науқастарына және медицина қызметкерлеріне бір  қашардың етіне қоса жиырма персондық ыдыс-аяқ табыс етті.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале