8.12.2023, 16:30
Оқылды: 43

Іс бастап, игілігін көрмек

Шыңғырлау ауданында іргелі іс көп. Соның ішінде шағын және орта кәсіппен айналысушылар жылдан жылға артып келеді. Оның үстіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жұмыс жандана бастады. Биыл Шыңғырлау ауданында 76 тұрғын «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген несие-қаржы алып, кәсіп ашуға ниеттенәп отыр. Ауыл-елдің дамуына үлес қосып, сонымен бірге ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Біреулері мал алып, өнімін өндіріп, мал басын асылдандыруды қолға алса, енді бір тұрғындар асхана, тағам сататын дүңгіршек, киім тігу, бақша егіп, құс өсіруді де жоспарлап отыр. 

Жүсіп Лесов

Құжаттарын жинап, «Ауыл аманты» жобасына қатысқан, бизнес жоспарын қорғап шыққандардың бірі - Амангелді ауылының тұрғыны Жүсіп Лесов. Амангелді ауылының тұрғыны оның тек адамдарын ғана емес, жер суын, табиғатын да жақсы біледі. Жылдың төрт мезгіліндегі ауа райының ерекшеліктерімен де жете таныс жігіт ағасы міне, енді топырағы майлы, құнарлы, тың жерге картоп егіп, қарбыз-қауын салмақ.

Жүсіптің иелігіне төрт жарым гектар жер телімі заңдастырылған. Алған қаражатының бір бөлігіне картоп егетін техника, сепкіш және жер қопсытқыш, картоп жинайтын агрегатты қоса сатып алған. Оған қоса өнімі, шығымы жақсы тұқым да бүгіндері алынып, келер көктемді күтіп отыр.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале