17.03.2022, 11:30
Оқылды: 239

Бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында алғаш рет республика деңгейінде бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өткізді. Съездің пленарлық мәжілici мен секциялық жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында  ұйымдастырылды.

3

Батыс Қазақстан облысынан  съезге педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдер мен әдіскерлер, барлығы 15 педагог қатысты. Солардың ішінде Жәнібек ауданы орталғындағы Т.Жароков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Әбдірешева да бар.

4
Секция алаңдарының жұмысы төрт бағыт бойынша өтті. Дәлірек айтсақ, «Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру», «Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі», «Оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру», «Бастауыш сынып  мұғалімдерінің әлеуетін арттыру» секциялары бойынша өтті. Пленарлық мәжілicті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ.Б.Бисембаев ашып, «21 ғасырдың мұғалімдері қандай болу керек?» тақырыбында фасилитация жүргізді. Сонымен қатар, съезде ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов сөз сөйлеп, съезд қатысушыларының ұсыныс пікірлерін тыңдап, қарарын қабылдады.

2
Съезд жұмысы барысында  бастауыш сыныпты оқытуда инновациялық технологияларды қолдану бағытындағы көрмелер ұйымдастырылып, тыңдаушылар әртүрлі дидактикалық материалдармен қоржындарын толықтырды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале