11.10.2022, 18:25
Оқылды: 41

Басты мақсат – сапалы қызмет көрсету

Бүгін Қазақстан Республиксы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келді.

Әдеп кеңес (1)

Мұрат Сейілбекұлы аудан әкімдігіндегі «Ашық әкімдіктің» және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысты.

IMG-20221011-WA0053

Облыстан келген өкілдерге аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Карменов «Ашық әкімдік» жұмысы жөнінде, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Нұрбол Есендосов өз саласы бойынша тұрғындарға көрсетілетін түрлі қызметтер туралы айтып берді.

М.Байсалов аудан әкімдігінде Мемлекеттік қызметке қатысты сауалдармен келген бір топ мамандарды қабылдады.

Қабылдаудан соң аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлының төрағалығымен жиналыс өтті.

IMG-20221011-WA0054

Жиналыста Мұрат Сейілбекұлы күн тәртібіне сай Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын  сақтау және мемлекеттік көрестілетін қызметтерге тоқталып, түсінік берді.

Кезегінде сөз алған аталмыш департаменттің  мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бақылау басқармасының бас маманы Самат Исқалиев тексеру қорытындысына сай облыста атқарылған жұмыстармен қатар кездескен кейбір кемшіліктерді тілге тиек етті.

– Басты мақсат – әрбір мемлекеттік қызметші жұмыс барысында қойылған талаптарды қатаң сақтап, өз қызметтерін үлкен жауапкершілікпен адал атқаруы тиіс. Бұрынғыдай емес, қазір мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жеңілдеді. Жан-жақты жағдай да жасалып отыр. Қызмет тәртібін қатаң сақтап, сапалы қызмет көрсету шарт, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Облыстан келген өкілдер жиналыстан кейін Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, ондағы жәдігерлермен танысты. Мұрат Сейілбекұлы музей журналына қолтаңбасын қалдырды.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале