27.07.2021, 10:11
Оқылды: 84

«Басты міндетім – ел үмітін ақтау»

Кеше ғана, алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл біздің еліміздің саяси тарихындағы үлкен бір белес деп айтуға үлкен негіз бар. 30 жылдың ішінде Қазақстан халқы өзінің әкімдерін тікелей сайлап алу құқығына ие болып отыр. Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылдық округінде басым дауысқа ие болып, халқы қолдап, қайта сенім білдірген Нұрбол Бектілеуге хабарласып, бірер сұрағымызды қойған едік.

WhatsApp Image 2021-07-27 at 10.10.47

- Маған сенім артып, қолдау білдірген ауылдастарыма ризашылығымды білдіріп, рахметімді айтқым келеді. Басты міндетім - ел сенімінен шығып, үмітін ақтау. Бар мүмкіндігімше елге қызмет ету. Сайлауға қатысқан үміткерлер  сайлаушыларға өздерінің үгіт-насихатын ашық түрде де, әлеуметтік желі арқылы да жүргізді. Елдің үміткерлерді таразылап, таңдауға мүмкіндігі жоғары болды. Тек сайлаушылардың сайлауға қатысуы онша белсенді болмады. Оған жазғы демалыс уақыты, сол күні ауылымызда болған екі әулеттің шаңырағында болған ауыртпалық, кейбір адамдардың өз құқығына немқұрайлы қарап келмеуі себеп болуы мүмкін. Жалпы сайлау өте ұйымшылдықпен өтті деуге болады. Алдағы уақытта елмен қоян-қолтық араласып, алдымызға қойған межелерге бірге  жетіп, сайлауалды бағдарламаларымды жүзеге асыруға жұмыстанамын. Биылғы өткен әкімдер сайлауы жаңаша өмір сүруге бетбұрыс, халықтың жанайқайына құлақ түру, өз көшбасшысын өзі таңдауға мүмкіндік беру болды.

Сондықтан ауылдастарымды әр нәрсеге, бастамаға күмәнмен қарауды қойып, ертеңгі жарқын болашағымыз өз қолымызда екенініне айтқым келеді. Белсенді өмір сүріп, алға ұмтылу. Адал,  тынымсыз еңбек ету. Елдің ауызбірлігін сақтау маңызды екенін түсінсек, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» болмақ,- дейді Көпжасар ауылының әкімі Нұрбол Серікұлы.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале